Қостанай облысының екі ауданы мен бір қаласына төтенше жағдай енгізілді

Қостанай облысында су басқан үйлердің шатырынан 150-ден аса адам тікұшақпен құтқарылды

Sarbaz.kz редакторы
28/03/2024 - 16:20

Фото: Қостанай облысы ТЖД

Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысының екі ауданында және бір қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында Төтенше жағдай енгізілді», - делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.

Қостанай облысында 434 адам құтқарылды:

  • Арқалық қаласы – 307 адам;
  • Амангелді ауданы – 37 адам;
  • Жангелді ауданы – 90 адам.

Айта кетейік, Қостанай облысында су басқан үйлердің шатырынан 150-ден аса адам тікұшақпен құтқарылды, олардың 63-і – кәмелетке толмағандар.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85