СҚО-да 3,3 млрд теңгені орынсыз жұмсамақ болған шенеуніктер жазаланды

17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды

Sarbaz.kz редакторы
28/03/2024 - 15:49

Фото: inbusiness.kz

Фото: inbusiness.kz

СҚО прокурорларымен мемлекеттік сатып алу саласында қадағалау күшейтілді және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қатайту бойынша шаралар қабылданды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд теңгеге 11 заңсыз конкурс жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6-ы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, оның 3-і жұмыстан босатылып, 3-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Мысалы, Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұза отырып, орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, жеткізушіге тарату желілерін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлегені, іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін сомасы 6, 7 млн.теңге төлем жасалған.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге шешім дайындау және қабылдау кезінде заңсыз артықшылық танытылған.

Басқа жағдайда, Тимирязев ауылдық округі әкімінің м.а. заң талаптарына қайшы, өнім берушіге балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 19,9 млн теңге сомасында ақы төленді.

Осындай заң бұзушылықтарға Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі де жол беріп, алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 миллион теңгеге нақты орындалмай төлеген.

«Қадағалау органының актілері және ҚР СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсыныстары бойынша босату түрінде тәртіптік шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар қаржылық бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда.

Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген босату немесе қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту туралы тәртіптік жауапкершілікті еске салады және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады», - делінген прокуратура хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91