Тоқаев Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясына қатысты
Мемлекет басшысы қазақ-қытай ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеруге тараптар бар күшін жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
– Жалпы, Қытаймен арадағы достық пен ынтымақтастықты нығайту біз үшін негізгі басымдық саналады. Жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту мақсатында Үкіметтің барлық ведомствосын ҚХР-дың тиісті мемлекеттік ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге бағыттаймыз. Бүгін форумда сөйлеген сөзімде екі елдің ынтымақтастығына, сауда-саттықты өркендетуге, Қазақстан экономикасында Қытай инвестициясының артып келе жатқанына байланысты нақты мысалдар келтірдім. Әрине, мұның бәрі айрықша мәнге ие. Осы орайлы сәтті пайдаланып, Сізді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы ретінде Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруымды тағы бір мәрте растағым келеді, – деді Президент.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының (БАФ) пленарлық сессиясына қатысты.