5 жыл қашып жүрген: ауыр қылмыс жасаған екі қазақстандық Түркиядан қайтарылды

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Sarbaz.kz редакторы
28/03/2024 - 14:43

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған.

28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06