Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға бір қап есірткі жібермек болған

Ол 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
28/03/2024 - 12:47

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбылдық полицейлер есірткіні заңсыз өткізу фактісінің алдын алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Полиция 35 жастағы күдікті – жергілікті тұрғынды ұстады.

Жаңа жол ауылында өткен тінту шаралары барысында ер адамның шаруашылық құрылысында кептірілген марихуана және гашиш есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Жедел мәліметтер бойынша күдікті жабайы қарасораны Астана қаласына апарып сатуды жоспарлаған.

«Қызметкерлердің біраз уақыт күдіктінің ізіне түсіп, кәсіби әрекет етулерінің нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымының тағы бір фактісінің алдын алдық. Барлығы 29 келі 677 гр кептірілген марихуана және 3 келі 76 гр гашиш тәркіленді. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны үшін ұсталған адамға қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44