Петропавлда ұсталған есірткі таратушы 15 жылға сотталуы мүмкін

Күдіктінің өзі есірткіге тәуелді, бұрын есірткі сақтағаны үшін істі болған

Sarbaz.kz редакторы
28/03/2024 - 11:58

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Петропавл тұрғынынан полиция қызметкерлері «синтетиканың» ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 39 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол синтетикалық есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде буып-түюші болып жұмыс істеді деген күдікпен ұсталды.

Оны ұстаған кезде қалтасынан, жалдамалы пәтердің дәретханасы мен жатын бөлмесінен, өзі есірткі жасырған орындардан ішінде ұнтақ тәрізді зат салынған шағын қалташалар мен түйіншектер табылды.

Сараптама нәтижесі тәркіленген заттардың жалпы салмағы 227,97 грамм α-PvP синтетикалық есірткі және 57,57 грамм мефедрон екенін көрсетті. Сондай-ақ электрондық таразы, орауға арналған материал мен есірткіні буып-түюде қолданатын басқа құралдар тәркіленіп алынды.

«Күдіктінің өзі есірткіге тәуелді, бұрын есірткі сақтағаны үшін істі болған. Алғашқы қылмыстық жазасынан сабақ алмаған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес ол буып-түюші болып 3 ай жұмыс істеп үлгерген. Енді аса ірі көлемде есірткі өткізгені үшін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Жыл басынан жедел жұмыстардың нәтижесінде полицейлер СҚО аумағында 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44