Қуандық Бишімбаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ

Оған өз әйелін қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 17:36

Фото: Астана қаласы сотының баспасөз қызметі

Фото: Астана қаласы сотының баспасөз қызметі

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін азаптап өлтірді деген айыппен кезекті рет келіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.

«Мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде де өз тарапымнан оқиғаға қатысты бірнәрсе айтуыма мүмкіндік болмады. Ал қазір прокурорлар оқығанның бәрі ойдан шығарылған, ешбір дәлелі жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен оны мойындамаймын. Мен ерекше қатыгездікпен адамды қасақана өлтірмегенім туралы айтып отырмын. Жағдайды түсіндіретін мүмкіндігім болады деп үміттенемін», - деді Бишімбаев судьяның сұрақтарына жауап бере отырып.

Қуандық Бишімбаевқа мынандай айып тағылып отыр:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру»,
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы «Азаптау»,
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабының 2-бөлігі «Қауіпті қылмыстың қайталануы».

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде прокурорлар Салтанат Нүкеноваға келтірілген жарақаттардың тізімін оқып шықты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91