Құны 1 млрд теңгеден асады: ҰҚК темекі контрабандасының жолын кесті

Тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 16:56

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады.

«Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды», - делінген ведомство хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91