Аягөз өзенінде су деңгейі 2,4 метрге көтеріліп кетті

Бозай ауылы су астында қалуы мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 16:02

Фото: Абай облысының әкімдігі

Фото: Абай облысының әкімдігі

Аягөз қаласында қардың қарқынды еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты кіші Аягөз өзенінде су деңгейі 240 см көтерілді. Бұл туралы Sarbaz.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта жергiлiктi атқарушы орган және төтенше жағдай бөлімі бірлесе отырып, судың қалаға одан әрі жайылуына жол бермеу үшін қауіпті аймақта 9 арнайы техника, 40 тан астам адам қызмет атқаруда.

«Мамырсу ауылдық округінің Бозай елді мекенінде көп мөлшердегі еріген қардың суы деңгейінен асып, ауылға жайылу қауіпі бар.

Қарағаш ауылдық округінің Борлы өзеніндегі судың деңгейінен асу фактісі болып, салдарынан 2 адам суда қалған. (Олар МТ3 82 тракторінде болған). Қазіргі таңда оларды іздестіру жұмысы жүргізілуде.

Сондай ақ, Қарағанды-Боғас 722 трассасын су басып қалды. Қазіргі таңда аталған жерге ДЭУ-71 мекемесінің 5 техникасы, адамдармен жұмылдырылып, тас жолдың жиегін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Таңға дейін кезекшілік қойылды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, Аягөз ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81