Оны құтқарушылар және мамандандырылған ұйым жүргізді
Бұқтырма өзеніндегі кептелістің алдын алу мақсатында Катон-Қарағай ауданы Барлық ауылында мұз жару жұмысы жүргізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, бұл жұмысты ЖАО, қауіпсіздікті қамтамасыз еткен құтқарушылар және мамандандырылған ұйым жүргізді.
«Біздің міндетіміз – кептелістерді болдырмау және су деңгейінің күрт көтерілуінің алдын алу. Жару жұмысының жалпы ауданы – 7800 текше метр», - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, Аягөз ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.