Бос жұмыс орындарын бөлу кезінде заңнама талаптары сақталмаған
Маңғыстау облысының прокуратурасы бос жұмыс орындарын бөлу және оларды ақпараттық порталда жариялау кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қадағалау нәтижелері көрсеткендей, жұмыс берушілер еңбек жағдайлары мен төлемдерді көрсете отырып, бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталықтарына жіберу туралы талаптарды жиі сақтамайды.
Соңғы 2 жылда прокурорлық тексерулер мен талдаулардың нәтижелерімен жұмыс берушілердің (мұнай-газ саласының 30-ға жуық компаниясы) бос жұмыс орындары туралы хабарламаудың 1 мыңнан астам фактісі анықталды.
Прокуратура органдары осы фактілер бойынша «немқұрайлы жұмыс берушілерді» әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актілерін енгізді.
Әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодекстің 98-бабына сәйкес бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту орталығына жібермеу, уақтылы жібермеу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
«Бұдан басқа, жұмыс берушілер еңбек шарттары туралы мәліметтерді бірыңғай есепке алу жүйесіне енгізу жөніндегі міндеттерді толық көлемде орындамайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерді заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға және азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырады», - делінген хабарламада.