Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 12 алқаби таңдалды

Алқабилерді фотоға және видеоға түсіруге тыйым салынады

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 14:52

Фотоколлаж: Sarbaz.kz

Фотоколлаж: Sarbaz.kz

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 12 алқабиді іріктеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер құрамына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі, 2 – резерв», - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алқабилерді ықтимал қысымдардан қорғау, сондай-ақ олардың жеке басын ашуға жол бермеу үшін оларды фотоға және видеоға түсіруге тыйым салынады.

Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның қызығушылығының артуына байланысты осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн трансляциясы ұйымдастырылды. Процесс Жоғарғы Соттың ресми сайтында көрсетіледі.

Келесі сот отырысы бүгін сағат 16:00-де ашық режимде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81