Еуропа елдері террорлық шабуылдарға қарсы қауіпсіздікті күшейтті

Франция жыл басынан бері екі лаңкестік шабуылдың алдын алды

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 14:33

Фото: shutterstock.com

Фото: shutterstock.com

Григориан күнтізбесі бойынша пасха алдындағы аптада Франция мен Италия лаңкестік қауіп деңгейін көтерді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияда әлемнің көптеген елдерінде террорлық ұйым деп танылған ИГИЛ тобына қатысы бар деген күдікпен 147 адам ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 1 маусымынан бастап 2900-ден астам адам аталмыш ұйымға қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған.

Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік әрекетті ИГИЛ өз мойнына алды. Осыған байланысты Италия пасха алдындағы аптада лаңкестік әрекеттерге дайындық деңгейін күшейтті.

Осыған дейін Франция билігі лаңкестік әрекеттерге дайындық деңгейін ең жоғары деңгейге көтерген болатын. Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде де ерекше сақтық шаралары қабылданады. Премьер-министр Габриэль Аттал тәртіп сақшылары 2024 жылдың басында ИГИЛ жоспарлаған екі лаңкестік әрекеттің алдын алғанын айтты.

Германияда лаңкестік қауіп деңгейі әлі де жоғары. Германия билігі Еуропа чемпионаты кезінде болуы мүмкін шабуылдарға дайын екендіктерін айтты.

Испанияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі лаңкестікке қарсы соңғы баяндамасында Еуроодақтың Газа мен Украинадағы соғыстарға байланысты лаңкестік қауіп-қатердің күшеюіне байланысты «нақты және тікелей тәуекелге» тап болғанын ескертті.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94