Ұлытау облысында ауыл іргесіне мұнай қалдықтары төгіліп жатыр
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылының тұрғындары ауыл іргесіндегі төгілген мұнай қалдықтарынан зардап шегіп отыр. Бұл мәселені бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Аманжол Әлтаев көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Депутаттың айтуынша аталмыш елді мекеннен небәрі 500 метр жердегі мұнай қалдықтары төгілген полигонның залалын ескертіп, тұрғындар біраздан бері дабыл қағып келеді.
«Өкінішке қарай, қарапайым халықтың талап-тілегімен ешкім санасар емес. Ауыл халқының тынысын тарылтып, тамағын қырнаған мұнай қалдықтарының жағымсыз иісі тұрғындардың мұңына айналуда. Денсаулығына алаңдаған жұрттың жанайқайын СЭС мамандары да, экологтар да назарына ілмей келеді.
Ауа райының күрт жылынуы себебінен кеше сол мұнай қалдықтарын сақтайтын полигонды су басып кетті. Қар суымен араласқан зиянды мұнай қалдықтары Сарысу өзенінің арнасына құйылса, оның экологиялық залалы үлкен болмақ. Суда жүзген балықтың жүгірген аңның, жұттан қалған азын-аулақ малдың қырылуына себеп болуы мүмкін», - дейді Мәжіліс депутаты.
Осыған байланысты мынандай талап-тілектерін жолдады: