Бишімбаев ісі: Жоғарғы сот мәлімдеме жасады

Алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 12:30

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің өкілі Перизат Сәдуақас Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның айтуынша отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады. Осыған орай, кеше алқабилер алқасына іріуктеу тәртібі түсіндірілді.

«Қазақстан Республикасының соты ең алдымен істерді заңдылық, заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі, тараптардың теңдігі және ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталғанын атап өткім келеді.

Өздеріңізге мәлім, Қ.Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады», — деп жазды Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің өкілі Перизат Сәдуақас.

Оның айтуынша бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді. 

Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91