«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзарды

Ол қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған болатын

Sarbaz.kz редакторы
09/08/2023 - 16:25

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

«Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылды, деп хабарлады Sarbaz.kz.

«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,- делінген Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде, яғни 7 қаңтар күні Алматыда тәртіп сақшылары танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Көп ұзамай ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91