Қазақстанда 3 жасар қошқар 15 млн теңгеге сатылды

Sarbaz.kz редакторы
29/06/2023 - 21:12

Белгілі журналист, бүгінде кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының PR менеджері Берік Сұлтан Максимус атты өзінің асыл тұқымды қошқарын 15 млн теңгеге сатты. Бұл туралы ол Instagram  парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Қошқардың бойы – 109 см, құлағының ұзындығы – 20 см.

Берік Сұлтан қой шаруашылығы оның хоббиі екенін айтады. Әлеуметтік желіде шаруашылығы туралы жиі жариялап тұрады. Бұған дейін ол Максимус атты қошқарын 10 млн теңгеге сатуға қимағанын жазған болатын.

Бірнеше қой мен қозы сатып, қымбат көлік сатып алғанын жариялаған Берік Сұлтан жастарды қой шаруашылығымен айналысуға шақырды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85