Шетелден көлік алмақ болған: ер адам алаяққа 3 млн теңге берген

Алаяқ алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап жіберген

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 11:42

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының тұрғыны шетелден автокөлік алдырамын деп 3 млн теңгеден астам ақшаға алданып қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Целиноград ауданының полиция бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті, ол бейтаныс адам автокөлікті сату сылтауымен оның ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады.

Ақмола облысында автокөлік жүргізушісіне көлікті нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынысы түседі. Ұсынысқа келіскен ол бейтаныс адамға ақша берген. Жәбірленушінің айтуы бойынша, ол көрші елдердің бірінен 3 млн 800 мың теңгеге автокөлік сатып алуды ұсынған алаяқтың құрбаны болған.

Ер адамға танысы көлікті нарықтық бағадан төмен сатып алуға болатынын айтқан және оған WhatsApp мессенджері арқылы интернеттен жүктелген көліктің суретін жіберген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін алаяқ жәбірленушімен байланыс орнатуды тоқтатқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері елорданың 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол мойындау айғақтарын беріп, өтініш берушінің ақшалай қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын хабарлады.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06