Тоқаев ертең Қытайға жұмыс сапармен барады

Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 10:15

Фото: Владимир Смирнов / ТАСС

Фото: Владимир Смирнов / ТАСС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4