Қостанай облысында бір ауыл су астында қалды

Ауыл тұрғындардың айтуынша, елді мекенде 18-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
27/03/2024 - 09:01

Фото: tobolinfo.kz

Фото: tobolinfo.kz

Қостанай облысында Амангелді елді мекеніне су астында қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ТоболИнфо басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл тұрғындардың айтуынша, елді мекенде 18-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр, бірақ олардың күші жеткіліксіз. Жергілікті билік, тұрғындар атап өткендей, су тасқынына дайын емес еді.

Ауыл тұрғындары су үйлерге, малға қауіп төндіріп жатқанын айтады. Тіпті қорадағы қозылар су тасқынынан қырылып жатыр.

Ауыл тұрғындары өзге де мүліктеріне алаңдаушылық танытып отыр.

«Жұрт дүрбелеңге түсті. Жергілікті билік су тасқынына төтеп бере алмайды. Орталық көшелердің бірі Сейфулиннің барлығы су астында қалды. Мұнда екі мектеп бар», - деп жазады аталмыш басылым.

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81