АҚШ-та жүк кемесі соғылғаннан кейін көпір қирап қалды

Кеме өртеніп, артынша суға батып кетті

Sarbaz.kz редакторы
26/03/2024 - 15:34

Фото: EPA

Фото: EPA

АҚШ-та ұзындығы 2,5 шақырым болатын Фрэнсис Скотт Ки автомобиль көпірі қирап қалды. Көпірдің тіреуішіне жүк кемесі соқтығысқан. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, апат салдарынан Патапско өзеніне бірнеше көлік батып кеткен, оның ішінде тіркемесі бар жүк көлігі болған. Кем дегенде 20 адам көлігімен бірге суға құлады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаға қарағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 01:30 шамасында үлкен кеме көпірге соғылып, өртеніп, артынша батып кетті.

MarineTraffic қызметінің мәліметі бойынша, көпірге Сингапур туы ілінген 300 метрлік Dali контейнерлік кемесі соғылған, ол Коломбоға (Шри-Ланка) бағыт алған. Кемені Maersk ірі кеме қатынасы компаниясы басқарады.

Мэриленд штатының губернаторы Уэс Мур оқиғаға байланысты төтенше жағдай жариялады. Ол сондай-ақ федералды үкіметтің көмегіне сенетінін айтты.

Мәліметтер бойынша, Балтимор айлағындағы судың температурасы қазір Цельсий бойынша 9 градус.

Айта кетейік, Балтимор порты – АҚШ-тағы бірнеше жүк санаты бойынша ең үлкен порт. 2023 жылы бұл көпір арқылы 800 мың автомобиль және 1,3 млн импорттық жүк өтті.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43