Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
09/08/2023 - 15:26

Фото: Akorda.kz

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4