Есірткі сатқан: 16 жастағы жасөспірім 7 жылға сотталды

Полиция тыйым салынған ақпараты бар 47 сайтты бұғаттады

Sarbaz.kz редакторы
26/03/2024 - 12:31

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Есірткіге қарсы контенттің белсенділігін төмендету мақсатында тұрақты негізде есірткі және психотроптық заттарды насихаттайтын, сондай-ақ курьер-есірткіні жасырын қойын кетушілер ақы төленетін жұмысты ұсынатын есірткі сайттарын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция тыйым салынған ақпараты бар 47 сайтты бұғаттады.

«Есірткі бизнесі өз желілері мен кәмелетке толмағандарды тартып, үлкен ақшаны тез және оңай табуға уәде береді. Соңғы уақытта мұндай заңсыз іске қыздардың да араласуы аз емес. Мысалы, өткен жылы синтетикалық есірткі сатқаны үшін 16 жастағы павлодарлық ұсталды. Жасөспірім 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Аймақ аумағында есірткіні өткізу негізінен интернет-дүкендер арқылы, құпия-қаптама орындарын жабдықтау арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, сатушы мен сатып алушы арасында физикалық байланыс жоқ. Барлық заңсыз әрекет үшін азаматтар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылатынын білу маңызды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91