Жетісу облысында кәсіпкерлердің құқығын бұзғандар жауапқа тартылды

Бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн теңге қайтарылмаған

Sarbaz.kz редакторы
26/03/2024 - 12:16

Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Жетісу облысында прокурорлар кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді. Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс болатын.

«Облыстың медициналық мекемелері міндеттемелердің уақтылы орындалуына қарамастан бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн теңге көлемінде тиесілі соманы қайтармаған.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражат қайтарылды, ал бұзушылықтарға жол берген 30 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып саналады», - делінген прокуратура хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91