ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясының бастығы тағайындалды

Ол бүгінге дейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған

Sarbaz.kz редакторы
08/08/2023 - 23:42

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясының бастығы тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының жеке құрамына оқу орнының жаңа бастығын таныстырды. Ол азаматтық қорғау полковнигі Әлібеков Ерлан Әлібекұлы болды.

Ерлан Әлібеков 2017 жылдан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4