«Ветеринариялық станция» қызметкерлеріне 223 млн теңге болатын жалақы төлемей келген

Ұйым басшысы жауапқа тартылды

Sarbaz.kz редакторы
26/03/2024 - 09:53

Фото: рixabay

Фото: рixabay

Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде талдау жүргізеді. Талдау барысында Алматы облысы бойынша «Ветеринариялық станция» ШЖҚ МКК осы жылдың қаңтар айында жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлемегені анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта көрсетілген сома өтелді.

Сонымен қатар, жалақыны уақытылы төлемеген жағдайда заңнамада әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделген.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94