АҚШ пен Жапония қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық деңгейін 1960 жылдан бері арттыруды жоспарлап отыр
АҚШ президенті Джо Байден мен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жақын арада Жапониядағы АҚШ әскери қолбасшылығын қайта құрылымдау жоспарын жариялайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап.
Америка Құрама Штаттары мен Жапония 1960 жылы Өзара ынтымақтастық және қауіпсіздік шартына қол қойылғаннан бері қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан сайын арттыруды жоспарлап отыр. Басылым бұл Вашингтон мен Токионың Қытайға бірлесе қарсы тепе-теңдікті құру ниеті аясында болып жатқанын жазады.
АҚШ президенті Джо Байден мен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида операциялық жоспарлау мен жаттығуларды күшейту үшін Жапониядағы АҚШ әскери қолбасшылығын қайта құрылымдау жоспарларын жариялайды. Тиісті жоспар 10 сәуірде Кишиданың Вашингтонға сапары кезінде жарияланады», - деп жазады басылым.