Нетаньяху: «Қажет болса, бәрін өзіміз жасаймыз»

Израиль премьер-министрі ХАМАС-ты толық жою үшін Рафах операциясын жасауға берік бекініп отыр

Админ
24/03/2024 - 17:31

AP Photo/Leo Correa, Pool

AP Photo/Leo Correa, Pool

Израильге барған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль басшылығын Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына құрлық операциясын жүргізуге қатысты тағы да ескерту жасады. Бұл оның соғыс басталғалы аймаққа жасаған 6-шы сапары, деп хабарлайды euronews.com.

Блинкен мұндай қадам «Израильді бүкіл әлем бойынша одан әрі оқшаулап, оның ұзақ мерзімді қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін» деп атап өтті. Ол дипломатиялық шешімдерді іздеуді жалғастыруды талап етеді.

АҚШ-тың бас дипломаты Тель-Авив көшелеріндегі шерушілермен және кепілге алынғандардың отбасыларымен кездесті. Олар Вашингтонның зорлық-зомбылықтың алдын алу және келіссөздерге делдалдық жасағаны үшін «Блинкен, рахмет!» деп ұрандатты.

Дегенмен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Рафахқа әскерді кіргізіп, «ХАМАС-ты түпкілікті тоқтату» ниетінде берік. Блинкенмен кездескеннен кейін Нетаньяху «Израильдің Рафахқа бармай-ақ ХАМАС-ты жеңуге мүмкіндігі жоқ» екенін айтып, «егер АҚШ бұл шешімді қолдамаса, Израиль бәрін жалғыз жасайтынын» мәлімдеді.

Рафахқа кірмей, ондағы қалған батальондарды жоймайынша, ХАМАС-ты жеңу мүмкін емес. Мен мұны Америка Құрама Штаттарының қолдауымен жасаймыз деп үміттенемін, бірақ егер қажет болса, біз бәрін жалғыз жасаймыз, – дейді Беньямин Нетаньяху.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Газаға гуманитарлық көмекті бұғаттап жатқанына наразылық білдірген еді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85