Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, «арнайы әскери операция» Батыстың Украинаны қолдауына байланысты соғысқа айналды
Ресейде «соғыс болмасын» деген ұран үшін ондаған адам сотталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасай отырып.
Біз соғыс жағдайындамыз. Иә, бұл «арнайы әскери операция» ретінде басталды. Бірақ ол жерде ұйымдасқан топ пайда болып, оларды ұжымдық Батыс қолдағанна кейін бұл біз үшін соғысқа айналды, – деді Песков.
Песков Ресей Қырым мен жаңа аймақтарды қайтару үшін кез келген әдістерді қолдануға ниетті мемлекеттің жанында өмір сүруге жол бере алмайтынын айтты.
Ресейде көптеген адам пацифистік ұрандар жариялағаны үшін, атап айтқанда «соғыс болмасын» дегені үшін сотталды. Путиннің баспасөз хатшысы мұндай салыстырулар орынсыз екенін айтып, «соғыс» сөзі басқа контексте қолданғанын алға тартты.
Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей билігі Қылмыстық кодекске жаңа 207.3 бабын енгізді. Оған сәйкес армияның немесе шенеуніктердің әрекеттері туралы көрінеу жалған ақпаратты көпшілікке таратқаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.