Ресей бір түнде 14 стратегиялық бомбалаушымен соққы жасады

Украинаның Киев пен Львов облыстарын зымырандар мен дрондар шабуылдады

Админ
24/03/2024 - 13:08

Thomas Peter/REUTERS

Thomas Peter/REUTERS

Ресей 24 наурыз, жексенбіге қараған түні, Украинаның бірқатар аймақтарына әуе шабуылдарын жасады. Украинаның барлық аймақтарында әуе дабылы қосылды, деп хабарлайды dw.com сайты.

Әуе күштерінің мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясы шабуыл жасау үшін Мурманск облысындағы әуе базасынан Ту-95МС типтегі 14 стратегиялық бомбалаушысын әуеге көтерді.

Сонымен қатар Киевте жарылыстар естілді, бірақ қала мэрі Виталий Кличко қалада әуе қорғанысы жұмыс істегенін айтты. Оның айтуынша, зымырандардың бірінің сынықтары елорданың Деснянск ауданындағы орман алқабында құлаған.

Львов мэрі Андрей Садовтың айтуынша, аймаққа «шамамен 20 зымыран мен жеті Shahed дроны» шабуыл жасады. Соққылардың мақсаты облыстағы маңызды инфрақұрылым нысандары болған. Ол шабуылдардың салдары туралы ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Бірнеше күн бұрын ғана Ресей Федерациясы Украинаның энергетикалық жүйесіне ең үлкен әуе шабуылын жасады. Салдарынан ДнепроГЭС қатты зақымданды. Мамандардың айтуынша, елдің энергетикалық жүйесіндегі маңызды объект болып табылатын станцияны қалпына келтіру үшін бірнеше ай қажет болуы мүмкін.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91