The Economist: Украинаға көмектесу үшін Еуропа елдерінде ақша жоқ

Украинаның ең белсенді жақтастарының көбі – НАТО-ның ең кішкентай елдері 

Админ
24/03/2024 - 10:25

AP Photo

AP Photo

The Economist сараптамасына сәйкес, Украинаның Еуропалық Одақтағы серіктестері әлсіз. Ал Киевке үлкен әскери бюджеттері бар сенімді одақтастар қажет. Алайда қазіргі уақытта оның одақтастары не тым кішкентай, не тым кедей, не тым батыл емес, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Еуропа мен АҚШ Украина мемлекетін сақтап, сарбаздарын аман алып қалуға көмектесті. Алайда уәде етілген артиллериялық снарядтар тапшылыққа байланысты Киевке жіберілмей жатыр. Бұл Украинаны қарсы шабуылды бастаудың орнына майдан шебін ұстауға баса назар аударуға мәжбүр етеді.

Ең сорақысы, егер Дональд Трамп қараша айында АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жетсе, Еуропа Ресеймен жалғыз күресуі мүмкін. Еуропаны жандандыру мақсатында Франция президенті Эммануэль Макрон НАТО-ның кейбір елдері Украинаға әскер жіберуі мүмкін деп айтуға дейін барды, – деп жазады автор.

Қағаз жүзінде ЕО елдерінде Украинаға қолдау көрсету үшін жеткілікті ресурс бар. Алайда Украинаның ең белсенді жақтастарының көпшілігі – НАТО-ның ең кішкентай, яғни Балтық және Солтүстік Еуропа елдері.

Кейбір елдер көлемі жағынан үлкенірек болғанымен, оларда дұрыс мемлекеттік қаржы жетіспейді. 2023 жылы НАТО-ның еуропалық мүшелерінің жалпы қорғаныс шығындары ЖІӨ-нің 2% жетпей отыр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91