Ресейдің жойғыш-бомбалаушылары Украинаның қорғанысын жүйелі түрде жойып жатыр
Украинаның жердегі қорғаныс бекіністерін ресейлік бомбалаушы ұшақтар әуеден тасталған бомбалар арқылы қиратып жатыр, деп жазады Forbes.
Бұған украиналық әуе қорғанысының әлсіреуі ықпал етуде. Киевтің бар үміті F-16 ұшақтарында, бірақ олар бұл ұшақтарды тез жоғалтады, деп санайды мақала авторы.
Ұзартылатын қанаттары бар, спутник арқылы бағытталатын бомбалар Ресей-Украина қақтығысының 25-ші айында шешуші қаруға айналып келеді.
Қазіргі кезеңде Украинада бұған қарсы ештеңе жоқ. Оларға мықты зенит-зымыран кешендері мен ұшыру қондырғылары жетпей жатыр. Кеңес заманынан қалған истребительдер бомбалаушыларды қағып түсіруге шамасы жетпейді. Ал өзін қорғауға мүмкіндік беретін еуропалық F-16 ұшақтары әлі келген жоқ, — деп жазады басылым.
Күніне 60 шақырым немесе одан да көп қашықтан жүздеген немесе одан да көп КАБ бомбалары тасталып жатыр. Ресейдің «Сухой» жойғыш-бомбалаушылары Украинаның қорғанысын жүйелі түрде жойып, Ресей армиясының үлкен шығындарға қарамастан шабуыл топтарының алға жылжуын жеңілдетуде.
Шабуылға шығар алдында ресейліктер басқарылатын КАБ әуе бомбаларын украиналық позицияларға тастайды, сосын артиллериялық шабуылына кіріседі, – деп түсіндірді сарапшылар тобы.