Бұл туралы Украина әскери қолбасшылығы мәлім етті
Жазда Ресей әскері бағыттардың бірінде жаңа шабуыл жасауға шығуы мүмкін екенін айтты Украина Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Александр Павлюк, деп хабарлайды ВВС сайты.
Оның айтуынша, Ресей 100 мың сарбаздан асатын жаңа топтар құрып жатыр.
Бұл шабуыл болмауы да мүмкін. Олар жауынгерлік қабілетін жоғалтқан бөлімшелерді толықтыру үшін де құрылуы мүмкін. Дегенмен жаздың басында олар бір бағытта тиісті шабуыл операцияларын жүргізу үшін белгілі бір күші ие болуы мүмкін, – деді Павлюк.
Сондай-ақ ол Украина кез келген жағдайға дайын екенін айтады. Қазіргі кезде әскерде қайта құру процесі басталып, жауынгерлік қабілетін қалпына келтіру үшін бірқатар бригадалар майданнан шығарылған.
Павлюктің сөзінше, Украинаның қазір әуеде еш артықшылығы жоқ. Осы жағдайды Ресей тарапы барынша пайдаланып жатыр. Осы тұста Украинаға алғашқы F-16 ұшақтары жазда келетінін айта кетейік.