Ресейдегі кезекті мұнай өңдеу зауытына дрон шабуыл жасады

Бұған дейін АҚШ Киевтен ресейлік энергетикалық нысандарға қарсы шабуылдарды тоқтатуды сұраған еді

Админ
23/03/2024 - 15:41

Natalia Kolesnikova/AFP/Getty Images

Natalia Kolesnikova/AFP/Getty Images

23 наурызға қараған түні дрондар Самара облысындағы мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады, деп хабарлады РБК сайты.

Оқиға салдарынан Куйбышев МӨЗ-інде мұнайды бастапқы өңдеу колоннасы өртенді. Самара губернаторы Дмитрий Азаровтың айтуынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай орнында жедел штаб құрылды.

Новокуйбышев мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасау әрекеті тойтарылды. Технологиялық жабдыққа зиян жоқ, – деп хабарлады Азаров.

Куйбышев мұнай өңдеу зауыты – Самара облысының мұнай саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі, 1945 жылдан бері жұмыс істейді. 2007 жылдың мамыр айынан бастап зауыт «Роснефть» құрылымына кіреді. МӨЗ-дің жобалық қуаты жылына 7 млн тоннаға тең. Ол мотор отынын шығаруға маманданған.

Айта кетейік, мұнай саласымен байланысты ресейлік кәсіпорындар жыл басынан бері дрондардың шабуылына ұшырады. Financial Times хабарлауынша, АҚШ билігі Украинадан мұндай соққыларды тоқтатуға шақырды, өйткені Вашингтонда жанармай бағасының өсуіне наразы және Мәскеудің жауаптарынан сескенеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41