Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Қазіргі кезде тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Админ
23/03/2024 - 15:27

t.me/qazavtojol

t.me/qazavtojol

2024 жылғы 22 наурызда сағат 17:00 шамасында республикалық маңызы бар «Алматы-Космостанция» тас жолының 19-шақырымының жол бөлігінде өздігінен қар көшкіні болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар көшкіннің көлемі 600 м3, ұзындығы 50 м, биіктігі 2 метр. Қазіргі таңда «КАЖсервис» ЖШС қызметкерлері аталмыш жол бөлігінде тазалау жұмыстарын жүргізуде. 2 бірлік техника (тиегіш-1, бульдозер-1) және 10 адам жұмылдырылды. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауға алынды.

Айта кетейік, 2018 жылы жауын-шашынның көп түсуі мен топырақ эрозиясының салдарынан 17-19 шақырымдық учаскеде жол бөлігі бұзылды. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 14-34 шақырым учаскесінде көліктердің өтуіне (арнайы қызметтерді қоспағанда) уақытша шектеу қойылды. 14+500 шақырымда уақытша бақылау бекеті құрылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91