Украинаға түнде 151 дрон мен зымыран соққы жасады

Негізгі нысан энергетикалық инфрақұрылым болды

Админ
22/03/2024 - 18:28

UNIAN

UNIAN

22 наурызға қараған түні Ресей әскери күштері Украинаға қарсы 151 әуе шабуылын қолданды. Бұл Украинаның маңызды инфрақұрылым нысандарына біріктірілген зымыран-дрон соққысы болды, деп хабарлайды ВВС сайты.

Шабуыл кезінде Shahed типті 63 дрон, «Искандер-М» 12 баллистикалық зымыраны, Х-101/Х-555 типті 40 және Х-22 типтегі 5 қанатты зымыраны пайдаланылды. Зымырандарды Каспий теңізінің акваториясынан 13 стратегиялық Ту-95МС және Ростов облысынан 5 бомбалаушы Ту-22М3 ұшақтары жіберді.

Сонымен қатар, Х-47М2 типтегі жеті «Кинжал» аэробаллистикалық зымыраны, басқарылатын Х-59 типтегі екі авиациялық зымыраны және С-300/С-400 зениттік басқарылатын 22 зымыраны пайдаланылды.

Украина Әуе күштерінің мәліметіне сәйкес, 55 камикадзе дроны, 35 Х-101/Х-555 қанатты зымыраны және 2 Х-59 авиациялық зымыраны атып түсірілді.

«Укрэнерго» басшысы Владимир Кудрицкий бұл Украинаның энергетикалық жүйесіне жасалған ең жойқын шабуыл болғанын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, соққылар Украинаның әртүрлі аймақтарындағы жылу және су электр станцияларына, сондай-ақ «Укрэнерго» басқаратын магистральдық қосалқы станцияларына жасалды.

Айта кетейік, кеше 44 күнгі үзілістен кейін Киевке қанатты зымырандармен соққы жасалған болатын. 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85