НАТО Украина әскеріне ескі қару-жарақ берген

The National Interest басылымы мұндай көмек украиналық әскерге ешқандай пайда әкелмейтінін жазады

Админ
22/03/2024 - 17:14

nationalinterest.org

nationalinterest.org

Украинадағы қақтығыс кезінде НАТО Киевке барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Алайда The National Interest-тің хабарлауынша, Украина Қарулы Күштеріне (УҚК) нақты көмек көрсетудің орнына, Альянс Украинаны «қоқыс үйіндісіне» айналдырып, майданда айтарлықтай пайда әкелмейтін ескі Батыс қаруын ұсынған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

НАТО-ның Украинаға беріп жатқан қаруларының көбі ескірген және қазіргі әскери тактикада қолдануға жарамсыз. Атап айтқанда, Франция Киевке 1980-ші жылдары жасалып, 2000-шы жылдардан модернизациядан өтпеген жеңіл брондалған AMC-10RC танктерінің көп мөлшерін берді.

Сонымен қатар, Франция Украинаға жұмыс істемейтін танктердің едәуір санын жіберді. Мақала авторының пікірінше, ескірген қарудан құтылудың амалы және қазіргі заманғы жүйелерді сатып алуды ынталандыру әрекеті.

The National Interest-тің хабарлауынша, НАТО-ның ескірген қару-жарақ түріндегі көмегі қақтығысты шешуге ықпал етпей, украиналық сарбаздар арасындағы өлшеусіз шығынға әкелді.

Оның орнына, АҚШ пен Ұлыбритания қолдаған Шығыс Еуропа елдері НАТО-дан Украинаға германиялық Leopard-2 сияқты Батыс арсеналының заманауи негізгі жауынгерлік танктерді беруді талап еткен еді.

Тұтастай алғанда, The National Interest НАТО-ның мұндай көмегі Украинаның әскери күштеріне нақты пайда әкелмей, Ресеймен қақтығыста Украинаның сөзсіз жеңілісіне әкелетінін атап көрсетеді.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53