Қорғаныс министрі: Әскери адамдар тәуелсіздіктің негізгі құндылықтарын сақтауға тиіс

Қорғаныс министрі Наурыз мейрамымен құттықтады

Админ
22/03/2024 - 16:28

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандықтарды 22 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құрметті генералдар мен офицерлер!

Сержанттар мен сарбаздар!

Қадірлі отандастар!

Сіздерді көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – ежелден жыл бастауы, жаңару мерекесі.

Қарулы күштер де барша Қазақстан халқымен бірге бұл мерекені әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен, кең пейілмен ерекше қарсы алады.

Мемлекет басшысының бастамасымен биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта өткізіліп жатыр. Көпұлтты халқымыз үшін бұл күн жаңа тарихымыздағы тың өзгерістерге жол ашқан саяси кезеңнің бастауы болды.

Бүгінде бұл мереке ел бірлігінің жарқын символына айналды. Татулық, тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің үйлесімді дамуының іргетасы әрі зор жеңістерінің кепілі екенін айғақтайды. Біз әскери адамдар тәуелсіздіктің осы негізгі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны әрі қарай нығайтуға тиіспіз.

Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Наурыз мейрамында барша әскери қызметшілердің мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттырудағы жанқиярлық еңбегіне табыс тілеймін.

Ұлт рухының биіктігі мен салт-дәстүріміздің салтанатын паш етер Ұлыстың ұлы күні шаңырақтарыңызға қуаныш-шаттығымен, бақ-берекесімен келсін!

Әз-Наурыз елімізге ырыс, несібе әкелсін! Отбасыларыңызға жылылық сыйласын. Айналамыз аман, төңірегіміз түгел, бауырымыз бүтін болғай!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94