Ресейде екі түрме жабылды: Қамалғандар соғысқа аттанды

Красноярск өлкесінде «оңтайландыру мен үнемдеу мақсатында» екі түрме жабылады

Админ
22/03/2024 - 16:07

AFP/Getty Images/K. Kudryavtsev

AFP/Getty Images/K. Kudryavtsev

Түрмелердің жабылуы туралы Красноярск өлкесіндегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Марк Денисов арнайы есеп ұсынды, деп хабарлайды dw.com сайты.

Мен қазіргі жағдайда алаңдаушылық туғызып отырған бір тенденция жайында айтқым келеді. Украинадағы арнайы операция есебінен түрмедегі сотталғандардың саны бір рет күрт азайып кетті. Осы жағдайға орай оңтайландыру, үнемдеу мақсатында пенитенциарлық мекемелерді жабу қажеттілігі туралы бір адамдар жоғары жаққа есеп беріп жатыр. Мәселен биыл біздің өңірде де бірқатар мекемелер жабылады. Олардың ең танымалы Арей және Громадск қалаларындағы мекемелер, – дейді Денисов.

Ресей Федерациясы түрмелерінің анықтамалығына сәйкес, Уяр ауданының Громадск кентінде ИК-16 жалпы режиміндегі ерлер түзеу колониясы, ал Емельяновск ауданының Арей ауылында ИК-7 қатаң режиміндегі ерлер түзеу колониясы орналасқан.

Марк Денисовтың пікірінше, түрмелерді жабу тиімсіз, өйткені біраз уақыттан кейін бәрі қалпына келеді, себебі қоғамның әлеуметтік құрылымы еш өзгерген жоқ.

2024 жылдың қаңтарында Қылмыстардан зардап шеккендерді қолдау қоры қылмысы кешіріліп, Украинадан оралған кейбір аса қауіпті қылмыскерлер қайтадан ауыр қылмыс жасайтындығы туралы баяндама жариялады.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41