Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель хабарлады
ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуропалық Одақ пен оның мүшелерінің Украинаға әскери көмек мөлшері 33 миллиард еуроға жеткенін хабарлады. Ол сондай-ақ ЕО елдері Украинаға 2024 жылы 20 миллиард еуроға екіжақты әскери көмек көрсетуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасай отырып.
Боррель Ресейдің қауіп-қатеріне байланысты Украинаға көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Украинаны қолдау үшін ЕО-да қалып қойған Ресейдің тәуелсіз активтерінен түсіп жатқан пайданы (жылына 3 миллиард еуро) қолдану жоспарын ұсынды. Бұл қаражатты Украинаға әскери көмек сатып алу үшін Еуропаның Бейбітшілік қорына және Украинаның әскери индустриясын дамыту үшін ЕО бюджетіне жіберу ұсынылып отыр.
Дегенмен мұндай жоспарды Еуроодақ саммитінде бекітілуі екіталай, өйткені мемлекеттерде Боррелдің ұсынысын жан-жақты қарастыруға уақыт аз болды.