АҚШ: Газада атыс дереу тоқтауы керек

АҚШ Таяу Шығыс елдерінің көшбасшыларымен қақтығысты реттеу жолдарын талқылап жатыр

Админ
22/03/2024 - 15:28

©AP Photo/Hatem Moussa

©AP Photo/Hatem Moussa

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен аймақтағы атысты дереу тоқтату және Газада кепілге алынған адамдарды босату туралы келісім жасау қажеттілігін мәлімдеді, деп хабарлайды golosameriki.com сайты.

Блинкеннің Таяу Шығыс бойынша кезекті сапары өтіп жатыр. АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақыратын қарар жобасын таратты.

Өткен айда Вашингтон Алжир ұсынған Газады реттеу жобасында қолданылған «дереу» терминіне қарсылық білдірген еді.

Ал АҚШ таратқан қарардың жаңа жобасында бейбіт тұрғындарды қорғап, оларды гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында «тұрақты атысты дереу тоқтату қажеттілігі» көрсетілген.

Блинкеннің айтуынша, Газада бітімгершілік келісімге қол жеткізу әбден мүмкін.

Дегенмен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС-ты түпкілікті жоюдың жалғыз жолы құрлықтағы әскери операция екенін айтады.

Сондай-ақ Кипрде халықаралық конференция өтіп, онда Газаға азық-түлік жеткізу үшін теңіз дәлізін құру талқыланды.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06