Әскери ұйымға жаңа кадрларды тартудың орнына қазіргі қызметшілерді сақтау өзекті болып отыр
Politico мақаласына сәйкес, НАТО елдерінде жаңа мәселе пайда болды, ол – әскери қызметшілердің жаппай жұмыстан кетуі. Ұйымға жаңа кадрларды тартудың орнына қазіргі қызметшілерді сақтау өзекті болып отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Франция Қарулы күштерінің министрі Себастьян Лекорню әскери қызметшілерді армияда қалуға көндіруге бағытталған жоспар ұсынды. Ал Германия парламентінің жылдық есебіне сәйкес, Бундесверден жұмыстан шығу едәуір артқан.
Бұл қазір барлық демократиялық елде, жалпыға бірдей әскери міндеті болмаса да, кәсіби әскері бар мемлекеттерде талқыланып жатыр. НАТО-ның кездесулерінде біз қару-жарақты жеткізу жолдарын қарастырамыз, бірақ қазір біз кадрларды ұстап қалу мәселесі де бар, – деп атап өтті Лекорню.
Еуропа жаңа мәселелерге қатысты әртүрлі шараларды қарастырып жатыр. Хорватия сияқты кейбір елдер жалпыға бірдей әскери міндетті қайтаруды қарастыруда, ал Дания сияқты елдер әскерге әйелдерді шақыруды жоспарлап отыр. Әскерге шақырудан 2011 жылы бас тартқан Германия бұл шешімді қайта қарау туралы пікірталас бастады.
Кәсіби әскері бар елдер үшін басты міндет – армиядағы қызметті тартымды ету. Алайда қаржылық ынталандырудан бөлек, қызмет ету шарттары, қолжетімді баспана, денсаулықты сақтау және отбасын қолдау сияқты аспектілерді де ескеру қажет.
Мәселені шешу жолдарына жалақыны көтеру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, сондай-ақ әскери қызметке әйелдерді белсенді тарту кіреді. Алайда проблемалар инфрақұрылым мен әскери нысандарды қамтамасыз етуге де қатысты болып отыр.