44 күнгі үзілістен кейін Киевке қанатты зымырандармен соққы жасалды

Қазіргі дерек бойынша Украина астанасын 31 зымыран шабуылдады

Админ
21/03/2024 - 17:27

Reuters

Reuters

Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко Киевтегі зымыран соққысының салдарынан 12 адам зардап шеккенін айтты. Мемлекеттік Төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендердің 13-і туралы хабарлады, олардың арасында бала бар. Қаза тапқандар туралы есеп жоқ, деп хабарлайды ВВС сайты.

Түнгі шабуыл кезінде 31 зымыран атып түсірілді. Олар солтүстіктен келді, соққының негізгі бағыты Киев болды. Ресей әскери күштері 11 Ту-95МС стратегиялық бомбалаушыларынан Х-101/Х-555 қанатты зымырандарын пайдаланды. Сонымен қатар, «Искандер-М» және «Кинжал» екі баллистикалық зымыранымен соққы жасады, – делінген хабарламада. 

Попконың айтуынша, Киевке зымыран соққысы 44 күндік үзілістен кейін жасалды. Украина астанасында әуе дабылы шамамен 3 сағатқа созылды.

Киевтің Шевченков ауданында көп қабатты тұрғын үй бүлінген және жеке үй өртенген, ал Святошинский ауданында көп қабатты үйдің зақымдануы тіркелген.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91