Елімізде су тасқынының алдын алу үшін қандай шаруалар жүзеге асырылып жатыр?

Су тасқынының алдын алу 4 бағдарламалық құжат шеңберінде жүзеге асырылады

Sarbaz.kz редакторы
08/08/2023 - 18:24

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында ТЖ министрі Сырым Шәріпханов су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәселені көтерді. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлердегі су тасқынының алдын алу 4 бағдарламалық құжат шеңберінде жүзеге асырылады: Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары, 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы, Өңірлерді дамыту және жазғы-күзгі кезеңге арналған инженерлік жұмыстар жоспарлары. Барлық бағдарламалық құжаттар шеңберінде орындалған іс-шаралар қауіп-қатерді 214 елді мекеннен алып тастауға және 607 елді мекен үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік берді.

Сырым Шәріпханов қазіргі уақытта өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мәселен, осы жылдың басынан бастап 25 км уақытша бөгендер мен 57 км біліктер тұрғызылды, шамамен 5 мың км каналдар мен 6 мың км арықтар, 15 мың автомобиль және 3 мыңнан астам темір жол су өткізу құрылыстары тазартылды.

«Әкімдіктермен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен учаскелер тізбесін түзету және нақтылау жүргізілді, нәтижесінде олардың саны 24-ке ұлғайып, 1 072 (бұрын 1 048 болған) құрады.

Бұл осы елді мекендерде алдын алу іс-шараларын алдын ала жүргізуге мүмкіндік береді.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды одан әрі іске асыру үшін ТЖМ бастамасы бойынша өңірлік жоспарларға халықты еріген қар және жаңбыр суларының су тасқынынан қорғау деңгейінің индикаторы енгізілді, бұл олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ Сырым Шәріпханов ТЖМ құзыреті шеңберінде Жол картасының іс-шараларын іске асыруды үйлестіруді жүзеге асыратынын атап өтті.

Оның орындалуын талдау 218 іс-шараның тек 88-і немесе 40%-ы орындалғанын көрсетті. Қалған 130 іс-шараның 58-і бойынша жұмыс жалғасуда, 72-і бойынша уақтылы іске асырылмау тәуекелі сақталады.

Өз кезегінде, Жол картасын орындамаудың негізгі себептері: іс-шараларды сапасыз жоспарлау, бюджеттік өтінімдерді уақтылы бермеу немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қаражаттың болмауы, жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы дайындамау болып табылады.

Жоспарлы құжаттардың орындалуына жүргізілген талдауды ескере отырып, бүгінгі күні су басу қаупі сақталады:

  • Ақтөбе облысында бұрын су басқан екі елді мекеннің біреуінде ғана қалпына келтіру жұмыстары аяқталды;
  • Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жыл сайын арық жүйелерінің дайын болмауына байланысты су басу фактілері тіркеледі;
  • Қостанай облысында жоспарланған жол картасының 6 іс-шарасынан тек үшеуі бойынша жұмыс басталды.

ТЖ министрі бірқатар ұсыныстарды, соның ішінде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру үшін барлық қажетті ресурстарды тартуды, гидротехникалық құрылыстарды уақтылы жөндеуді қамтамасыз етуді, су өткізу құрылыстарын су тасқыны мен еріген қар суының үлкены көлемін өткізуге дайындауды және т.б. қолдауды ұсынды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85