Алтай қаласында 5 пәтер заңсыз жекешелендірілген

Бұл пәтерлер заңда белгіленген тәртіппен мұқтаж жандарға берілетін болады

Sarbaz.kz редакторы
20/03/2024 - 17:58

Көрнекі фото: Алтай қаласы / Тұрар Қазанғапов / Tengrinews.kz

Көрнекі фото: Алтай қаласы / Тұрар Қазанғапов / Tengrinews.kz

ШҚО прокурорлары мемлекетке 19 млн теңгені құрайтын заңсыз жекешелендірілген 5 пәтерді қайтарды. Бұл туралы Sarbaz.kz өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алтай ауданының прокуратурасы «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

«Тексеріспен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеке тұрғын үйі бар және мемлекеттік тұрғын үй алу үшін заңда көзделген мерзімдері келмеген тұлғалардың пәтерлерді заңсыз жекешелендіру фактілері анықталды.

Осылайша, бағалау құны 19 млн теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз жекешелендірген Алтай қаласының 5 тұрғыны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық тұрғын үйлер мемлекет меншігіне қайтарылды, ТКШ бөлімінің басшысы беделін түсіретін негіздер бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Мемлекет меншігіне қайтарылған пәтерлер заңда белгіленген тәртіппен мұқтаж жандарға берілетін болады. 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91