Жаңа туған нәрестені тастап кету: уақытында хабарламаған медициналық ұйымдар жазаланады

Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің отырысында талқыланды

Sarbaz.kz редакторы
20/03/2024 - 17:30

Фото: Depositphotos.com / sayfutdinov

Фото: Depositphotos.com / sayfutdinov

Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады. Мәселе Парламент Мәжілісінің отырысында талқыланды. Бұл туралы Sarbaz.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91