Тоқаев ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

Сессия 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді

Sarbaz.kz редакторы
20/03/2024 - 14:45

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85