Әкімдік инвесторға рұқсат құжаттарын беруден негізсіз бас тартты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған. Осы жылдың ақпанында Абай облысының прокуратурасы құны 7 млрд теңгеден асатын 250-ден астам жұмыс орнын құрайтын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кешенін салу жобасын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқығын қорғады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ инвестордан жер мен объектіге құқық белгілейтін құжаттарды негізсіз талап етіп, оған қолданыстағы ғимараттарды қалпына келтіруге рұқсат беруден бас тартқаны анықталды.
«Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық қажетті құжаттар беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8-701-361-88-16 (Абай облысының прокуратурасы), 8-777-037-00-00 («Kazakh invest» ҰК» АҚ аймақтық өкілі)», - делінген хабарламада.