Буллингтің алдын алу: мектептерге Финляндияның бағдарламасы енгізіледі

Оны бүкіл әлем бойынша 20-дан астам елде қолданылады

Sarbaz.kz редакторы
19/03/2024 - 22:03

Фото: Shutterstock

Фото: Shutterstock

Қазақстандық мектептерде финдік анти-буллинг бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімедеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Мектептердегі буллинг – бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де проблема. Біз тәжірибені зерттеп, басқа елдердегі әріптестерімізбен тәжірибе алмасамыз. Министрлік кешенді және жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Осылайша, 2023 жылдың тамызында балаларды қорқытудан қорғау шаралары қарастырылатын, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді жоспар қабылданды»,- деді Еділ Сабырұлы

Буллингпен күресу үшін әр мектепте оған қарсы бағдарлама енгізіледі.

«Қазір бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, біз сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеп, әлемдегі ең үздік тәжірибе – финдік Kiva* бағдарламасын таңдадық. Қазір осы бағдарлама бойынша Финляндияның Турку университетімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Бағдарлама біздің мектептер үшін бейімделуден өтіп жатыр. Бағдарламаның бірнеше компоненті бар. Оқу жылының басынан бастап біз бұл бағдарламаны пилоттық режимде бастаймыз», - деді вице-министр.

Ол сондай-ақ, «Өркен» ведомстволық бағынысты ұйымы өзінің буллингке қарсы бағдарламасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Жақында бағдарлама пилоттық режимде жұмыс істейтін болады. Содан кейін барлық мектептерге қолданылады.

KiVa (Kiusamisvaba) – бұл мектептердегі буллингті азайтуға бағытталған бағдарлама. Ол қорқытудың алдын алу және жанжалдарды шешу үшін әрекеттер мен нұсқаулықтарды қамтиды. Бұл ғылыми негізделген бағдарламаны Турку университетінің ғалымдары Финляндияның мәдениет және білім министрлігінің тапсырысымен және қолдауымен жасады. Қазіргі уақытта Финляндиядағы барлық жалпы білім беретін мектептердің шамамен 50%-ы KiVa бағдарламасын қолданады. Сонымен қатар, ол бүкіл әлем бойынша 20-дан астам елде қолданылады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91