Түркістан облысында ер адам әйелін пышақтап, артынша өзін өлтірмек болған

Ер адам қазір ауруханада ауыр халде жатыр

Sarbaz.kz редакторы
19/03/2024 - 21:38

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz

Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында болған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты. Күйеуі әйеліне пышақ салып, кейін өзін өлтірмек болған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көлікпен Асар шағын ауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, арнайы белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды екі жедел жәрдем көлігі келіп, алып кеткен.

Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр.

Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашық кесілген жарақаты, сол жақ санның орта бөлігі жарақаты диагнозы қойылған.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 19 наурызда Сайрам ауданының 102 пультіне жергілікті тұрғыннан бұрынғы күйеу баласы өзінің қызымен жанжал шығарып жатқаны туралы қоңырау түскенін.

Жанжал барысында пышақпен қорқытып, қызын кепілге алып, өзінің тұрғылықты жері бойынша «Шевроле» маркалы автокөлігімен Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолы бағытында Қызылорда қаласын бетке алған.

«Кепілге алынған адамды босату үшін «Арлан» арнайы жасағының күштерімен шағын аудан маңындағы жол бойында жедел штаб құрдым. Күдікті залалсыздандырылып, жәбірленуші босатылды.

Қылмыс жасаған кезде жәбірленуші мойынынан жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілді, оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Күдікті мен жәбірленуші бұрын некеде болған, 3 баласы бар, 2021 жылы ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған, ойынға тәуелділіктен зардап шегеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44